Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Өзіңе сен 7811 0 пікір 20 Қыркүйек, 2016 сағат 11:01

Жаркенттің жанында жаңа кент: Нұркент!

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында іс сапармен жүр. Іс сапар барысында Мемлекет басшысы  өңірдегі атқарылған әм атқарылатын істермен танысып, облыс басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Аталған сапар барысында Мемлекет басшысы Панфилов ауданына арнайы ұшып барып, шекара маңында бой көтеріп келе жатқан «Нұркент» қаласының құрылыс жұмыстарын өз көзімен көрді.

Қазақстан мен Қытай шекарасының бойында орналасқан жаңа қала «Нұркент» деп аталатын болды. Бұл шаһар Алматы облысы Панфилов ауданына қарасты Қорғас шекара бекетінің маңына жақын ірге тепкендіктен  «Қорғас-Шығыс қақпасы» экономикалық аймағының құрамына кіреді екен.

Жалпы аумағы 300 гектар жерді құрайтын «Нұр қалада» болашақта шамамен 100 мың адам тұратын  болады. Аталған жобаның құрылысы 2020 жылы аяқталуы тиіс.

Әрине, біз, жалпы қазақ халқы, жаңа қаланың Нұркент атануына қарсы емеспіз. Құлаққа да жағымды естіледі. Тарихи Жаркент қаласының қасында тәуелсіздіктің қаласы Нұркент бой түзеп жатса, тек қуанамыз. Бұл – іргедегі Қытай еліне де сес. Қысқасы: тарихы сан ғасырдың сырын ашатын Жаркенттің жанында Тәуелсіздіктің жаршысы болып, кешегі мен бүгінгіні сабақтастырар жаңа қала салынып жатыр. Бәрекелді делік!

Осы "Нұркент" дегеннен шығады... Өткен жылы еліміздің ең бай саудагері Нұрлан Смағұлов (МЕГА сауда орталықтарының қожайыны) ЭКСПО-ға арналған  бір жиында Мемлекет басшысымен жүзбе-жүз кездескені бар еді. Сол жүздесу барысында Халықаралық көрме территориясында салынып жатқан зәулім ғимараттың атауына келгенде Смағұлов бірден «Нұр плаза» деп атауды ұсынған. Саудагердің ұсынысын ұната қоймаған Елбасы: «Мұндайды қойыңдар, бұлай жағымпаздануды қайдан үйренгенсің-ей!» дегенде Смағұлов та саспай:«Өмір үйретті, Нұрсұлтан Әбішұлы» деп жауап қайтарған-тын.

Рас, Елбасы қит еткен нәрсеге «Нұр»-ды жалғап, «жұрттың ығырын шығармаңдар» десе де, біздің әкім-қаралар «Нұрлы жер» бағдарламасын қабылдап, «Нұркент» қаласын салып, алған беттерінен танар емес. Жаркенттің іргесіндегі жаңа қаланы Жаңа-Жаркент деп атаса да, ешкім қарсы болмас еді деп ойлаймыз осындайда. Алайда, қала атауы "Нұркент" аталған екен. Ендеше "Нұркентіміз" нұрлана берсін. Қорғас кеден бекетінен таяқ тастам жерде шымқай қызыл түске боянып бой көтерген қытайдың "Қорғас" қаласынан қалып қоймай өркендеп-өсе берсін.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2558
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2409
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1663